«Құқықтық мәдениет – жастар тәрбиесінің негізі» тақырыбында кездесу өтті
Жезқазған Бизнес және көлік колледжі “BIRLIK community” және Жезқазған жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық мәдениет – жастар тәрбиесінің негізі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

👮♂️ Кездесуге Жезқазған қаласы ПБ ҚКБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Арынов Азат Құралбайұлы арнайы қатысып, студенттермен ашық сұхбат жүргізді.
🎯 Мақсаты:
✔️ Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру
✔️ Заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру
✔️ Құқықбұзушылықтың алдын алу
💬 Кездесу барысында құқықтық тәртіп, жауапкершілік, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен оның салдары кеңінен түсіндірілді.
✨ Сонымен қатар, студенттерге бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану, білімін дамыту және қоғамға пайдалы істермен айналысу керектігі насихатталды.
🤝 Ашық диалог форматында өткен бұл кездесу студенттерге үлкен ой салып, құқықтық сананың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
