Жемқорлықсыз қоғам — жарқын болашақ

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесінің барлық әлдер үшін ортақ үлгісі бірегей болып табылатын жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әдістер жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып пен дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып отырған аумақтың аудандығына, тығыздығына, халық санына да байланысты.

Экономиканы жаңғырту және ауылды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттік қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға қажеттілік барынша айқын болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
— баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;
— мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық регламенттеу, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
— жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
— жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың зиянды салдарын жою және олардың алдын алу;
— сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы күреске жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;
— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай қамтылым) мен жеңілдіктер белгілеу жолымен қамтамасыз етеді.
Осындай қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге, сондай-ақ, оған кедергі жасауға қадағалауға өкілеттіктер беруге жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің барлық салаларында өмір сүруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден тиісінше қамтамасыз етуді көздейді.
Қорытындылай келе, егер қоғамның өзі, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға батылдық танытпаса, ал мемлекеттік басқару құзыретті және тиімді болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмайтынын атап өткім келеді.

Рүстем ОРАЛБАЕВ,
«Жезқазған қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік аға-сот орындаушысы.