eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті

eGov mobile қосымшасындағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөлімінде көрсетілген медициналық көмек, оның атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-ақ қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен танысу мүмкіндігі қосылды.

Пайдаланушылардың арасында көрсетілген мәліметтер мен іс жүзінде алынған медициналық көмек арасындағы сәйкессіздікті анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр, қарау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамытуды жалғастыруда.