Ветеринар мамандардың жалақысы өседі

Құрылтай ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Қазіргі уақытта ветеринар мамандарының орташа жалақысы – шамамен 220 мың теңге. Заң жобасы қабылданған жағдайда жалақыны кем дегенде 420 мың теңгеге дейін арттыру күтілуде», – деді депутат Серік Егізбаев.