Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді
Қорғаныс министрі әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Құжатқа сәйкес, бейбіт уақытта әскери билеттер мына азаматтарға беріледі:
• Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскери қызметке немесе жиындарға шақырылғандарға;
• әскери және арнаулы оқу орындарына қабылданғандарға;
• мамандандырылған ұйымдарда ақылы негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери даярлық резерві бағдарламасынан өткендерге;
• запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтағандарға.
Бұйрық 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
