Кандидаттар кеншілермен кездесті
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Тұрсынбек Мақышов пен Диас Алтынбек Оңтүстік Жезқазған кенішінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Атап айтқанда, адам капиталын дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру және өңірде жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен бастамалар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар кеншілердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
