Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өседі?
1 қаңтардан бастап Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мың маманына қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Үстемеақы мөлшері қызметкердің еңбек өтіліне қарай есептеліп, лауазымдық жалақысының 50 пайызына дейін жетуі мүмкін.

Ең алдымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мамандардың, бейінді дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен патронаж мейіргерлерінің жалақысына қосымша үстемеақы қосылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
