Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Кітап – ұлттың рухани байлығы, білім мен парасаттың сарқылмас қайнар көзі. Меніңше, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру – заман ағысынан қалмауды көздейтін әр азаматтың әдетіне айналуы тиіс.
Бүгінде облысымызда кітап қоры жүйелі түрде толықтырылып, оқырмандарға заманауи әрі мазмұнды әдебиеттер кеңінен ұсынылуда. Бұл – білімге ұмтылған әр азамат үшін зор мүмкіндік.
Менің ұстанымым – кітапты тек бос уақытта оқу емес, оған арнайы уақыт бөліп, тұрақты дағдылардың біріне айналдыру. Қазіргі таңда көркем әдебиетпен қатар, мемлекеттік басқару тақырыбындағы еңбектерді оқып, кәсіби білімімді жетілдіру үстіндемін.
Цифрландыру мен жасанды интеллект қарқынды дамыған бүгінгі дәуірде білім алуға, жаңа дүниелерді игеруге мүмкіндік бұрынғыдан да кең. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, рухани және зияткерлік тұрғыдан бірге дамуға ұмтылайық.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс және кітапқа деген шынайы қызығушылық тілеймін!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
