Кандидаттар Қарсақбай орта мектебінің ұжымымен кездесті
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов пен Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ержан Есетов Қарсақбай орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру және білім беру саласындағы мәселелерге тоқталды.
Өз кезегінде мектеп ұжымы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен кездесуде тараптар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Кандидаттар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынатынын атап өтіп, халықпен тұрақты кері байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
