Әрбір дауыс – ортақ болашақ үшін
Қоғамдағы оң өзгерістер мен елдің тұрақты дамуы азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Сол белсенділіктің жарқын көрінісі – Құрылтай сайлауына қатысу. Бұл – әр адамның өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің болашағына деген жауапкершілігін көрсететін маңызды саяси науқан.

Құрылтай сайлауы – халықтың пікірін ескеруге, қоғамның түрлі көзқарасын тоғыстыруға және ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан бұл науқанға бейжай қарамай, әр азаматтың өз таңдауын жасауы аса маңызды.
Ұлытау ауданында сайлауды ұйымдастыру жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау учаскелерінің дайындығы толық қамтамасыз етіліп, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар тұрғындарды ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлініп, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Сайлау – тек құқық емес, ол – азаматтық жауапкершілік. Бүгін қабылданған шешім ертеңгі қоғамдық дамуға, елдің тұрақтылығы мен бірлігіне әсер етеді. Сондықтан әрбір дауыс маңызды, әрбір таңдау құнды.
Елдің дамуы мен өркендеуі ортақ жауапкершіліктен басталады. Құрылтай сайлауына қатысу арқылы әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.
Қоғамдық келісім мен ел бірлігі – баршамызға ортақ құндылық. Осы құндылықтарды сақтап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысу – әр азаматтың абыройлы міндеті.

