Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды
Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты – quryltai.kz іске қосылды. Енді Құрылтайдың қызметі туралы ақпаратты бір жерден алуға болады.

Сайтта Құрылтай мен оның депутаттарының жұмысына қатысты өзекті ақпарат, заң жобаларының мәтіндері, алдағы іс-шаралардың анонстары және талдамалық материалдар жарияланады.
Сонымен қатар платформада Құрылтай отырыстарының онлайн-трансляцияларын көруге, фото және бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік бар.
