Конкурссыз тағайындалды
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған бастама. Мұндай мүмкіншілікпен аудандық жəне ауылдық деңгейдегі төменгі мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындала алады.

Осы ретте, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетін «Сәулеттік дизайн» мамандығы бойынша 3,68 GPA көрсеткішімен тәмамдаған Ажар Ескенова уәкілетті органның келісімі негізінде конкурстан тыс Ұлытау ауданының құрылыс бөліміне бас маман болып тағайындалды.
Ажар Қадыржанқызы дипломдық жұмысын «Ұлытау ауданындағы заманауи туристік орталықтың дизайн-жобасы» тақырыбында қорғаған. Жоба мазмұнында заман талабына сай сәулет шешімдерін ұлттық нақышпен үйлестіріп, Ұлытау өңірінің табиғи жəне мәдени ерекшеліктерін қамтыған. Соның нәтижесінде дипломдық жұмысын қорғағанда, 96 балл жинақтаған.
Ол зерек, талантты қыз. Университетте оқып жүргенде, жас ғалымдар мен студенттер арасында өткізілген ғылыми конференцияларда мазмұнды баяндамалар жасап, l дәрежелі дипломдармен марапатталған. Келешегінен үміт күттіретін жас.
Ендеше, бізде жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледік.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
