Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды  

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Ұлытау облысын кешенді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі бизнес өкілдерінің және Ұлытау облысы әкімдігінің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте өңірдің орнықты дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ Жезқазған қаласының бас жоспарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.