Президент Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты
Мемлекет басшысы Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізетінін айтты. Сондай-ақ Үкімет мүшелерін және жаңа лауазым – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындайтынын атап өтті.

«Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын.
Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында.
