Ұлытауда күзгі тазалық айлығы басталады
12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында облыс елді мекендерінде абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ал 12 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Барша тұрғындарды, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін сенбілікке белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!
Таза орта — жайлы өмірдің бастауы!
