50 түп ағаш отырғызылды

Ұлытау ауданында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау жəне тұрғындардың экологиялық мəдениетін арттыру.

Экологиялық акцияға аудан əкімі, аудан ардагерлері, прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік мекеме мамандары, жастар, еріктілер жəне аудан тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар елді мекендердің аумақтарын қоқыстан тазартып, абаттандыру жəне көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нəтижесінде 50,1 гектар аумақ тазартылды, 21 арнайы техника жұмылдырылды, 55,2 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды, 7 заңсыз қоқыс орны жойылды, 50 түп ағаш отырғызылды, тұрғындар арасында экологиялық мəдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 4 рет аула аралау шарасы ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметшілермен қатар, ардагерлер, жастар мен еріктілердің қатысуы акцияның қоғамдық маңызын арттыра түсті. Бірлескен еңбек арқылы тұрғындар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Экологиялық акция барысында тек аумақтарды тазалауға ғана емес, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға жəне тұрғындарға қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіруге де басымдық берілді.
Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Тазалықты сақтау мен қоршаған ортаға жанашырлық таныту əр адамның күнделікті əдетіне айналғанда ғана елді мекендердің көркі артып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Ауданда ұйымдастырылған Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акция осы бағыттағы ортақ жауапкершілікті нығайтып, тұрғындарды туған жердің тазалығы мен табиғи байлығын сақтауға үндеді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.