«Таза Қазақстан – тынысы таза өлке»: Жезді кентінің жастарымен кездесу өтті

Ұлытау ауданының Жезді кентінде «Таза Қазақстан – тынысы таза өлке» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің тазалығын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және қоғамдық орындарды таза ұстау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың экологиялық акцияларға белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

Жиынға қатысушылар тазалық әр адамның өзінен басталатынын айтып, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы мұндай кездесулер жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және туған жердің тазалығын сақтауға ынталандырады.