Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 15 наурызда жалпыұлттық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болды. Реформаның негізгі мақсаты мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру, демократиялық институттарды нығайту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейту, сондай-ақ конституциялық модельді қазіргі заманға қоғамдық қауіп-қатерлерге бейімдеу болып табылады.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі — мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу болды. Бұрынғы модельден айырмашылығы, жаңа Конституцияда өкілді органдардың рөлі мен парламенттің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Парламент құрылымын реформалау ерекше маңызға ие. Ең көп талқыланған өзгерістердің бірі заң шығару органының неғұрлым тиімді моделіне көшу болды. Бұл заңдардың сапасын арттыруға, олардың қабылдану рәсімін жетілдіруге және қоғам мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді.
Елеулі өзгерістердің бір парасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу жүйесіне де қатысты болды. Жаңа Конституцияда тікелей демократия институттарын, қоғамдық талқылаулар мен референдумдарды дамыту арқылы қоғамдық қатысудың кеңейтілген тетіктері бекітілген. Сонымен қатар, қоғам мүдделерін білдіруге және маңызды мемлекеттік шешімдерді талқылауға қатысуға арналған жаңа консультативтік-өкілдік институттар, оның ішінде Қазақстан Халық кеңесін құру көзделген.
Мадияр ТОРҒАЕВ,
Ұлытау аудандық мемлекеттік Қазынашылық басқармасының басшысы.
