Әлеуметтік бейнероликтер байқауы өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алаяқтыққа қарсы қоғам» атты әлеуметтік бейнероликтер байқауы өтті.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің креативті бейнероликтері арқылы алаяқтықтың түрлі түрлерін көрсетіп, одан сақтану жолдарын ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
