Көшет отырғызу – көшелі іс
Ұлытау облысының мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жошы хан мәдени-тарихи кешені аумағында ағаш отырғызу шарасы өтті. Экологиялық бастама аясында 60 түп қарағай, 100 түп пирамидалық терек және 350 түп қарағаш егілді.

Аталған игі шара өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, тарихи-мәдени нысанның келбетін көркейтуге және жасыл желекті көбейтуге бағытталған. Табиғатты аялау мен туған жерге деген жанашырлықты арттыру – «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаттарының бірі.
Отырғызылған көшеттер кешен аумағын жасыл желекке бөлеп, келушілер үшін қолайлы әрі көркем орта қалыптастыруға ықпал етпек.
Мұндай бастамалар өңірде алдағы уақытта да жалғасын табады.
