ҮЕҰ кеңесінің қорытынды отырысы

Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың төрағалығымен ҮЕҰ өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2025–2026 жылдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалар, 2026 жылға арналған кеңестің жұмыс жоспары, сондай-ақ кеңес құрамын жаңарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар «Үздік ҮЕҰ–2025» байқауының қорытындылары шығарылды.

Азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері марапатталып, әлеуметтік, жастар саясаты, гендерлік теңдік және инновация бағыттарындағы үздік жобалар атап өтілді.

Кеңес отырысы мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара серіктестікті нығайтуға, өңірді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға арналған ашық диалог алаңы ретінде өтті.