Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді халқымыздың бірлігі мен мемлекеттілігіміздің беріктігін айшықтайтын Республика күнімен құттықтаймын!

Ұлытау — тарихы терең, рухани мұрасы бай қасиетті өлке. Оның өркендеуі — әр тұрғынның еңбегі мен ортақ жауапкершілігіміздің нәтижесі.
Биыл қабылданған жаңа Конституция еліміздің алдағы даму бағдарын айқындап, заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын бекітті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытау облысын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта жылулық пен молшылық орнасын!
Республика күні құтты болсын!
Есет БАЙКЕН,
Ұлытау облысының әкімі.
