Бюджет қаражаты қалтқысыз игерілуі керек

Кезекті аппарат отырысында Ұлытау облысының əкімі Дастан РЫСПЕКОВ барлық бюджет əкімшілері мен қала жəне аудан əкімдеріне жыл соңына дейін бюджет қаражатын сапалы, заңға сəйкес игеруді қатаң тапсырды.

Өңір басшысының төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында 2024 жыл бойынша мемлекеттік сатып алулар қорытындылары мен ауыл мектептерін дамыту жайында мəселелер қаралды. Алғашқы мəселе бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмат Əйтенов баяндама жасады. Өңір басшысы бұл ретте 2025 жылы барлық конкурстың уақытылы жəне сапалы өтуін міндеттеп, ол үшін штат мəселесінде еш кедергінің жоқтығын алға тартты. Сондай-ақ, облыс əкімі барлық бюджет əкімшілері мен қала жəне аудан əкімдеріне жыл соңына дейін бюджет қаражатын сапалы, заңға сəйкес игеруді қатаң тапсырды.
Күн тəртібіндегі екінші мəселеге орай, аймақ басшысы ауыл мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіз жəне жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етуді, оны ұдайы назарда ұстауды тапсырды. Оған қоса, шалғай шағын елді мекендердегі оңтайландыру алдында тұрған білім ошақтарына қатысты мəселені шешу үшін нақты ұсыныстар беру қажеттігін айтты.
Өңір басшысы, сондай-ақ, ауылдардағы халық санын арттыруға қатысты Ұлытау облысының əкімі жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасына ерікті қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде жұмыстарды күшейтуді, аудан əкімдеріне көшіп келген отбасыларға үй берілуін, тиісті барлық төлемнің төленуін, жұмысқа тұруын бақылауда ұстауды тапсырды.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.