Жасыл желек жерасты су көздері арқылы суарылатын болды
Сәтбаев қаласында жасыл желек жерасты су көздері арқылы суарылатын болды. Шаһарда бірнеше ұңғыма қазылған.

Бұл жүйе ылғалды ұстап тұруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаздың аптап ыстығында саябақтар мен гүлзарлар дер кезінде суарылады.
Сәтбаев қаласының Ұлытау көшесіне биыл 6 мың түп мамыргүл көшеті егілу тиіс. Жасыл желекті жергілікті билік жерасты су көздерінен суаруды көздеп отыр.
Биыл шаһарда ылғал жеткізудің жаңа жүйесі салынады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 128 млн теңге қаржы бөлініп, 6 құдық қазылады. Су резервуарлары мен тамшылап суару қондырғылары орнатылады.
Жаңа суару жүйесі мамыр айында дайын болуы тиіс.
