Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, солтүстік-батыста тұман түседі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары.