Енді қазақстандықтар скрининг пен екпелер туралы 1414 нөмірінен хабарлама алады

19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарлама жіберу пилоттық жобасы іске қосылмақ.

«Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал 26 қазаннан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарлама жіберу жоспарланып отыр.

Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.