ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР – БИЛІК НАЗАРЫНДА

Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кеңесте қоғамдық көлік қызметін дамыту және тұтынушы құқықтарын қорғау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар баян етілді.

Өңір басшысы Ұлытау аймағының географиялық тұрғыдағы мол мүмкіндігін алға тартып, басқа да облыстарға автобус рейсін іске қосу шараларын қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ, отырыста әуе, темір жол тасымалы мәселелері де назардан тыс қалмады. Бұл тұрғыда облыс әкімі туристік және логистикалық әлеуетімізді арттырудың бірден бір жолы — қатынас мүмкіндігін жасау екенін жеткізіп, қосымша бағыттар ашу жұмыстарын күшейту міндетін қойды.

Өңір басшысы қалаішілік қоғамдық көліктердің жүру жиілігіне тұрғындардан шағым жиі түсетінін атап өтіп, талаптарды сақтамайтын жауапты фирмаларды жауапқа тартуды талап етті.

Сонымен қатар жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлік нысандарын бақылауда ұстау қатаң ескертілді.

Өңір басшысының айтуынша тұрақтандыру қорынан жеткізілген өнімдер мақсатты түрде саудалануы тиіс.