Қылмыстық процесті ізгілендіру не берді?
Қылмыстық процестің үш буынды моделі қылмыстық істерді тергеу, қадағалау және сот өндірісінің тиімділігін арттыруды көздейді. Бұл модельдің негізгі элементтері – тергеу органдары, прокуратура және сот жүйесі.
Әр буынның өзара іс-қимылын оңтайландыру арқылы қылмыстық істердің әділ, ашық және дер кезінде қаралуын қамтамасыз ету мақсат етіледі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар осы модельдің әрбір буынының функцияларын нақтылауға және олардың дербестігін арттыруға баса назар аударып отыр. Бұл шаралар құқық қорғау және сот жүйелерінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау функцияларын тиімді атқаруына мүмкіндік береді.
Жетілдіру жұмыстарының аясында қылмыстық істерді қарау барысындағы бюрократиялық кедергілерді азайту, құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу процесін цифрландыру сияқты бағыттар қолға алынуда. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын сақтау және қорғалуын күшейтуге ерекше мән берілуде, бұл өз кезегінде халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттырады.
Қылмыстық процестің үш буынды моделін жетілдірудің тағы бір маңызды бағыты – прокурорлардың қадағалау өкілеттіктерін нығайту. Бұл сотқа дейінгі кезеңде істің заңдылығын және объективтілігін бақылауды күшейтеді, қылмыстық істердің негізсіз қозғалуын болдырмауға және құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жол бермеуге ықпал етеді.
Сабыржан ҒАБДЫСАТТАР,
механик.