Әскерге шақырылғандар кредит төлемінен уақытша босатылады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар кредит төлемдерін кейінге қалдыра алады. Бұл жеңілдік әскери қызметтің бүкіл кезеңінде және қызмет аяқталғаннан кейінгі 60 күн бойы қолданылады.

Осы уақыт аралығында кредит бойынша пайыздар мен өсімпұлдар есептелмейді. Төлемдерді кейінге қалдыру автоматты түрде рәсімделеді.

Алайда бұл қарыз толық кешіріледі деген сөз емес. Тек оны өтеу мерзімі кейінге шегеріледі.