Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі баланы күту жәрдемақысын жұмыс істеп жүріп те ала алады

Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Алмас Құрманов айтты. Жаңа ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сөзінше, әйел босанғаннан кейін 1,5 жыл ішінде төлемге өтініш бере алады. Тіпті бірнеше ай бұрын босанған болса да, қаңтарда өтініш беруге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда төлем толық көлемде тағайындалып, бала 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді.

Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Ана жұмысқа шықса, жәрдемақы тоқтайтын еді.