Серік Жұманғарин Кабулда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты
Бүгін Кабулда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хаджы Нуриддин Азизи жыл сайынғы Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты.

Бұл жолы форум Кабулда өтті. Форумға агроөнеркәсіп кешені, технология, машина жасау, химия өнеркәсібі мен IT саласындағы 50-ден аса компания, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысуда.


2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $541,8 млн-ды құрады. Сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында сауда айналымын қысқа мерзімде $3 мkрд-қа жеткізу міндеті тұр.
