Қазақстанның 2,6 мың шағын жинақты мектебінде ЖИ технологиялары кезең-кезеңмен енгізіледі

Өңірлерде қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жоба іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

«2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында пилоттық жоба іске қосылады»,

— деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жалпы, пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Жоба 2029 жылға дейін барлық 2 600 шағын жинақты мектепке кеңейтіледі.