Құрметті медицина саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер күн-түн демей ұлт денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп келесіздер. Бұл сала еліміздің дамуының негізгі басымдықтарының бірі және мемлекет әлеуетінің негізі.
Жыл сайын ауданда жаңа медициналық нысандар ашылуда. Бүгінде аудан бойынша тоғыз фельдшерлік-акушерлік пункт пен үш медициналық пункт іске қосылды. Осының барлығы әрбір азаматтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайына жағымды әсер етеді.
Бұл күні біз отандық медицинаның ардагерлері мен негізін қалаушыларға, ауданымыздың медицинасының дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға, дәрігерлерге, фельдшерлер мен медбикелерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз ең жоғары құрмет пен сыйға лайық. Өзгеге қол ұшын беру өмірді сақтау мен деннің саулығын қалпына келтіру – асқан жауапкершіліктің, ерен еңбектің нәтижесі.
Аудан тұрғындарының атынан сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.
