Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездеседі

2025 жылғы 30 сәуірде сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесуге дейін сағат 10:00-де облыс әкімдігінің басқармалар және орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді.

Кездесу Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 1 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.