Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездеседі
2026 жылғы 6 мамырда сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесуге дейін сағат 10:00-де облыс әкімдігінің басқармалар және орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді.
Кездесу Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 1 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.
