Қауіпсіздік – бәрінен маңызды

Жазғы демалыс басталғалы көшелерде электросамокат, мопед және велосипед тізгіндейтін жасөспірімдердің саны артты.

Осыған байланысты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар профилактикалық жұмыстар жүргізіп, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгімелер өткізді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір қатысушының міндеті. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.