Ардагерлер «Отырар» көрмесін тамашалады

Сейсенбі күні «Ардагерлерді ардақтайық» және «Ұлттық мұра» жобалары аясында «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан Жұмановтың ұйымдастыруымен ауыл ардагерлері «Ұлытау» сапар орталығындағы Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырар мұрасы: мәдениет, ғылым және руханият» атты көрмесін тамашалады.

Көрме барысында ардагерлер халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлермен танысып, көне Отырар өркениетінің тарихы мен рухани құндылықтары жөнінде мол мағлұматтар алды.
Өз кезегінде «Құрмет» орденінің иегері, белгілі қаламгер Мағзұмбек Машайықов аудандық партия филиалының бастамасымен ұйымдастырылған тағылымды шараға ризашылығын білдіріп, мұндай кездесулердің жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттауда маңызы зор екенін атап өтті.
Сол күні көрмеге келген ардагерлер тарихи мұралармен танысып, ұлттық мәдениетімізді терең сезінуге зор мүмкіндік ала алды.

Ақсәуле ДИХАНБЕКҚЫЗЫ.