Мәслихат депутаттарын сайлауға қаражат қайдан бөлінеді?
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы кезектен тыс мәслихат депутаттарын сайлауды қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, сайлау науқанына Үкімет резервінен қаражат бөлінеді.

«Үкімет резерві осындай мақсаттар үшін құрылған. Ол жалпыұлттық маңызы бар бастамаларға жұмсалуы керек. Өткен сайлаудың шығынын бұған дейін жариялағанбыз. Сайлау науқанының ұзақтығы мен сайлау учаскелерінің саны анықталғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы қажетті соманы есептейді. Біз сол қаражатты Үкімет резервінен бөлеміз», – деді Ұлттық экономика министрі.
