«Менің Елім – Менің Туым»: Қазақстан бойынша 5 мыңға жуық мемлекеттік ту ілінеді
Республика күніне орай «Әділет» партиясының жастар қанаты «Менің Елім – Менің Туым» патриоттық акциясын ұйымдастырды. 25 қазанға дейін жалғасатын бастама еліміздің барлық өңірін қамтып, мыңнан астам белсенді жасты, спортшыны, кәсіпкер мен тұрғынды біріктіреді.

Акция аясында Қазақстанның қалалары мен ауылдарындағы тұрғын үйлер мен ұйымдардың ғимараттарына мемлекеттік тулар ілінеді. Бастаманың мақсаты – мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамның бірлігін нығайту.

Акция Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында басталды. Іс-шараға қатысқан 500-ге жуық адам Қазақстанның Мемлекеттік туын желбіретіп, Әнұран орындады және KZ жазуы пішінінде сапқа тұрды. Астанада мемлекеттік тулар Республика даңғылы бойындағы тұрғын үйлерге ілінсе, Қарағандыда партия жастар қанатының белсенділері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің жатақханасына ту орнатты.

Акцияға қатысқан Құралай Баймолдина бастаманың жастар үшін маңызы мен патриоттық дәстүрлерді сақтаудың мәніне тоқталып, өз пікірімен бөлісті.
«Менің Елім – Менің Туым» акциясы мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, қазақстандықтарды ортақ Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік төңірегіне топтастыруға бағытталған.
