Кандидат «Есіктен есікке» акциясын өткізді

Құрылтай депутаттығына кандидат Ақжол Құрмансейіт Ұлытау ауданында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция аясында аудан орталығындағы ақсақалдар мен зейнеткерлердің үйлеріне барып, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Облыстық штабтың төрағасы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған мәселелер жөнінде ойларын білді.

«Біз үшін әрбір сайлаушының дауысы маңызды. Сондықтан сіздермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыруға арнайы келдім», – деді Ақжол Құрмансейіт.