Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жезқазған қаласы полиция басқармасының жас қызметкерлері туған өлкенің тазалығына үлес қосып, киелі мекендердің бірі – көл жағалауын қоқыстан тазартты.

Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Жас тәртіп сақшылары акция барысында экологиялық мәдениетті насихаттап, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
