Достық қарым-қатынасты нығайтты
Жезқазған қаласы полиция басқармасының жас қызметкерлері көл жағасында бас қосып, бір-бірін жақынырақ танып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Кездесу жылы атмосферада өтіп, ұжымдық рухты арттыруға ықпал етті.

Жақсы көңіл-күй сыйлаған кездесуден кейін жас қызметкерлер көл жағасын таза күйінде қалдырып, табиғатқа деген құрметтің үлгісін көрсетті.
