Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
6 шілдеде елімізде Астана күні аталып өтеді. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келеді.

Соған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) қатарынан демалады. Жұмыс аптасы сейсенбі күні басталады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 шілде — жұмыс күні. Олар 5 және 6 шілде күндері демалады.
