Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады
Жезқазғанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі Президиум отырысы өтті.

Жиында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары талқыланып, минералдық шикізатты кешенді өңдеу, геологиялық барлау мен металлургияны цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және агроөнеркәсіп саласын ғылыми сүйемелдеу мәселелеріне басымдық берілді.

Отырыс барысында ғылым жетістіктерін өндіріс пен экономиканың нақты секторына енгізу тетіктері қарастырылып, қытайлық ғылыми ұйымдармен технологиялар трансферті, жасанды интеллектті пайдалану және заманауи геологиялық зерттеу әдістерін енгізу бағыттары талқыланды.

Іс-шара қорытындысында Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуын жеделдетуге арналған қарар мен бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.
Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы «Kazakhmys Barlau» геологиялық кластері базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өңірлік форсайт-орталығы ашылды.
