«Таза Қазақстан» – бұл бір күндік акция емес, Мемлекет басшысы жариялаған еліміздің ұзақмерзімді идеологиясы

Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Бастама шеңберінде аумақтардың тазалығынан бастап халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды ағартушылық жобаларға дейінгі экологиялық шаралар кеңінен іске асырылып жатыр.

Осы орайда өңірлермен қатар, білім беру ұйымдары және мәдениет ошақтарының, бүкіл азаматтық қоғамның белсенді жұмысы қашанда маңызды.

Барлық министр мен әкімдерге айтарым, «Таза Қазақстан» – бұл бір күндік акция емес, Мемлекет басшысы жариялаған еліміздің ұзақмерзімді идеологиясы. Бұл жұмысқа дәл осы тұрғыдан қарау керек және тиісті деңгейде ұйымдастыру қажет. Ешқандай науқаншылдыққа, көзбояушылыққа жол берілмесін.