Қазақстанда зейнетақы жинағын емделу үшін пайдалану уақытша тоқтатылды
Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.

«12 қаңтарда сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗЖ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады. «Отбасы банкі» Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды», — делінген хабарламада.
Емделуге өтінімдерді қайта қабылдау туралы хабарлама талаптарды түзету аяқталғаннан кейін жарияланады.

