«Таза Қазақстан» – экологиялық бірегей жоба

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында, соның ішінде Ұлытау ауданында ауқымды тазалық іс-шаралары өткізілді.

Бұл шаралар табиғи аумақтарды тазарту, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады.

Аталмыш шаралар Ұлытау өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

22 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымының 38 қызметкері көлемі 15 га болатын жерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғи парк аумағын шамамен 0,6 т (600 кг) қоқыстан тазартты.