Аудан бюджеті нақтыланды
Бейсенбі күні Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХIX сессиясы өтіп, онда 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді.
Мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітовтің төрағалығымен өткен сессияға депутаттармен қатар, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мекеме-бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Депутаттардың басты жиынында Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы XXVII сессиясында ұсынылған ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің №170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин хабарлама жасады.Маңызды мәселе егжей-тегжейлі талқыға түскен соң депутаттар тарапынан толық қолдау тапты. Аудан бюджетінің нақтыланған нұсқасына оң сипатта шешім шығарылды.Сессия жұмысы қорытындыланған соң, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков ауданның бүгінгі таңдағы ахуалы, даму бағыты туралы әңгімеледі. Сөз соңында депутаттармен әр уақытта маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүдделі екенін жеткізіп, мандат иелерін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.