Кәсіпкерлікті қолдау – дамуға бастау

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Жиынның мақсаты – шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылап, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Іс-шара барысында кәсіпкерлер өз мәселелері мен ұсыныстарын облыс басшылығына жеткізіп, пікір алмасты.

Сонымен қатар, облыстағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті бизнесті қолдау бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған шаралар және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер бойынша ұсыныстар талқыланды.

Облыс әкімі өңірдегі кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, шағын бизнестің қызмет көрсету саласындағы бос нарықтық орындарды толтыруы қажеттігін айтты. Әкімдік тарапынан бизнесті дамыту мен инвестиция тарту бойынша барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігі айтылды.