Жалпыға бірдей декларацияны енді Kaspi арқылы тапсыруға болады

Мобильді қосымшада 250.00 формалы декларацияны тапсыру туралы толығырақ «Гид» бөлімінен оқи аласыз.
Декларацияларды тапсыру мерзімі – биыл 15 қыркүйекке дейін.

2024 жылғы 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталған болатын.

Биыл жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар сондай-ақ олардың жұбайлары 250.00 формадағы декларация ұсынуға міндетті.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны қалған санаттағы қазақстандықтар ұсынады.